00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек

Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек
Фото: Қазақстан темір жолынан

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға кешігіп қалған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажет екенін еске салады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет. Жолаушы пойызға кешіккен жағдайда, билеттің құнын жартылай қайтара алады. Алайда, бұл әрекетті пойыз билетте көрсетілген станциядан шыққаннан кейін бір сағат ішінде жүзеге асыру керек.

Ақшаны қайтару үшін жеке куәлік пен билетті көрсету керек. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, орын бар болған жағдайда келесі пойызға ауысып отыру нұсқаларын ұсынады.

Қайтару мөлшері мен мерзімі теміржол көлігімен жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерімен белгіленген.

Мұндай жағдайларда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне қоңырау шалуға кеңес беріледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызға дер кезінде отыру үшін вокзалға ертерек барып, осындай қолайсыздықтарды болдырмауға кеңес береді.