Жамбыл облысында жолда қалған автобустан 41 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ
Түнде «Алматы-Ташкент» тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысының Жуалы ауданында тұрып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құтқарушылар автобустан жақын маңдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолаушылар кейін басқа автобуспен баратын жеріне кеткен. Оның көпшілігі – Ресей азаматтары.
Ұқсас жаңалықтар
1 қараша, 2025
Қазақстанның аймақтарында британдық білім беру стандартының ауқымы кеңейіп жатыр
31 қазан, 2025
«Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз»: Қаржы министрлігі жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды
31 қазан, 2025
Сел қауіпті маусымы аяқталды: Қазақстандағы мұздақ көлдер қысқы режимге көшті
31 қазан, 2025
Елімізде 38 млн тонна мал азығы дайындалды
