Жаңадан сайланған министр Шарлапаевтың атқарған жұмысы туралы айтты

27 мамыр, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңадан сайланған министр Шарлапаевтың атқарған жұмысы туралы айтты
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкіметте журналистер өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтан бұрынғы министр Қанат Шарлапаевтың жұмысын қалай бағалайтыны туралы сұрақ қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Маған дейін болған министрдің жұмысын бағалау дұрыс деп санамаймын. Оған бұл қызметті сеніп тапсырды. Демек министрліктің жұмысын жүктеуге лайық дегенді білдіреді. Бәлкім сырттан білінбейтін шығар. Бірақ іштей министр ретінде құжаттар бойынша қандай үлкен жұмыстар атқарылғаны көрінеді. Құрылыс кодексі бойынша көптеген пікірталас пен түзету болды. Депутаттар ұсынған барлық түзетуді біз жұмысқа алдық. Құрылыс кодексі бойынша шамамен 40-қа жуық отырыс өтті. Мұнда әртүрлі сұрақтар қойылды, бірақ өзгерістер де көп болды. Алда Құрылыс кодексін жақсарту бағытында жұмыс істеу міндеті тұр. Біз бұл тапсырмамен жұмыс істейміз», - деді министр.