Қытайдан Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 86% артты


Қытайлық туристтіки агенттіктердің мәліметінше, жыл басынан бері Қытайдан Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 86% артқан, деп хабарлады Elordainfo.kz «Kazakh Tourism»-ге сілтеме жасап.
Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылы ҚХР келген қонақтар 307 миллион АҚШ долларына тауарлар мен қызметтер сатып алған.
Туристік белсенділіктің артуына визасыз режим, елдер арасындағы көлік қатынасының дамуы және Қазақстанның туристік әлеуетін Қытай нарығында жүйелі түрде ілгерілету жұмыстары өз ықпалын тигізді.
«Біз Қытай нарығында еліміздің туристік мүмкіндіктерін белсенді түрде ілгерілетіп, жетекші туристік компаниялармен ынтымақтастықты нығайтудамыз. Биыл ҚХР жетекші онлайн-туроператорлардың бірі Tongcheng Travel компаниясынан «2025 жылдың ең перспективалық жаңа бағыты» марапатын иелендік. Өткен жылы осы платформада Қазақстанға сапарларға деген сұраныстың 300%-ға артқаны тіркелді», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.



