ТЖМ азаматтарды табиғатта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

фото: freepik.com
Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған орай, азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.
- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау;
- орман мен далада от жақпау;
- табиғатта болғаннан кейін шыны бөтелке мен өзге де шыны қалдықтарды қалдырмау. Себебі күн сәулесі әйнекке шағылысып құрғақ шөпті өртеп жіберуі мүмкін;
- жанатын қоқысты шығарып, аумақты құрғақ өсімдіктерден тазарту;
- өрт анықталған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарлау.
«Орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады»,- делінген ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:42
Түркістан облысында су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жақында аяқталады

30 қыркүйек, 2025
Аида Балаева Google өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

30 қыркүйек, 2025
Маңғыстау облысында алғашқы сейсмикалық станциялар желісі орнатылады

30 қыркүйек, 2025
Дәрілік заттарға бағаның негізсіз өсуі бақыланады