Токиода күй шерткен жапон жігіті қазақстандықтарды тәнті етті

Фото: Скрин видеодан
Жапония астанасы Токио көшесінде домбырамен күй орындаған жапон жігітінің видеосы әлеуметтік желіде кең таралып, жұртты сүйсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz kerekemes_kz парақшасына сілтеме жасап.
Оны кездейсоқ жолыққан қазақстандық азамат түсіріп алған.
Музыкант домбыраны алғаш Ыстамбұлда қазақ азаматынан үйренген. Жапон азаматы кейін Құрманғазы атындағы консерватория түлегімен жұмыс істеп, өз бетінше дамытқанын айтты.
«Домбыраны керемет тартады екенсіз», - деді қазақ жігіт жапон ұлтының азаматына.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:42
Түркістан облысында су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жақында аяқталады

30 қыркүйек, 2025
Аида Балаева Google өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

30 қыркүйек, 2025
Маңғыстау облысында алғашқы сейсмикалық станциялар желісі орнатылады

30 қыркүйек, 2025
Дәрілік заттарға бағаның негізсіз өсуі бақыланады