00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» ұмыту мүмкін емес – Жұлдыз Әбдікәрімова

27 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» ұмыту мүмкін емес – Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Жұлдыз Әбдікәрімова алдағы «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» кезінде халықты қонақжайлық танытуға шақырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«8-13 қыркүйек аралығында Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам қонақ келеді. «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» өтеді. Барынша қонақжайлық танытайықшы. Өткенде тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылықты» ұмыту мүмкін емес. ҚАЗАҚ деген ұлттың бейнесін көрсететін біз», - деп жазды ол.

Сонымен қатар Әбдікәрімова шетелдіктердің өзіне ұнайтын тұсын атап өтті.  

«Мәселен өзім шет елге барғанда таңданатын бір жайды айтайыншы. Түркияда әуежайдан қонақүйге жеткенше такси жүргізушісі елінің тарихын, қаланың әсемдігін тамсана баяндайды. Ұлы тұлғаларын айтып мақтанады. Сүйсінесің. Сізге жолыққан әр туристтің алдында қазақ деген халықтың бейнесін көрсетіп тұрғаныңызды әрқайсымыз ұмытпайықшы», - деп қорытындылады ол.