00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны: Ақмола облысы Атбасар қаласында төтенше жағдай жарияланды

11 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Су тасқыны: Ақмола облысы Атбасар қаласында төтенше жағдай жарияланды
Фото: Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаметінің парақшасынын

Атбасарда қар суының күрт еріп, салдарынан үйлерді су басуда, деп хабарлады Elorda.info.

11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзенінің арнасынан асуы себепті су тасқыны орын алды. Барлық ескерту жүйелері дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ насандар мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 бірлік техникасы жұмылдырылды. Ауданда табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағыТЖ режимі жарияланды .  - деп жазылған Ақмола облысы ТЖД таратқан баспасөз хабарламасында.