00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны: Астанадан тағы 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Су тасқыны: Астанадан тағы 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді
Фото: Астана қалалық әкімдіктің сайтынан

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп 20 тонна гуманитарлық көмек жинады.  Көмек Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жеткізіледі. Екі жүк көлігіне тиелген заттардың ішінде азық-түлік, киім-кешек және бірінші кезектегі қажет бұйымдар бар, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Эвакуациялық пункттердегі адамдарға күріш, ұн, қант, қарақұмық, шай, сондай-ақ күнбағыс майы сияқты азық-түлік қажет. Адамдар көп жиналатын жерлерде қоқыс жинауға көмектесетін қоқыс пакеттері қажет, - деді қалалық еріктілер штабы төрағасының орынбасары Эльвира Есмұханова.

Штаб еріктілері көмекке жылы киім, ауыз су, балалар тағамы, тұрмыстық тауарлар, балалар киімдері, көрпелер, төсек жапқыштар мен жастықтарды қабылдайды.

Сонымен қатар 500-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптауға және жіберуге көмектеседі. Гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды және жібереді.

Ниет білдірушілер жылы киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды әкеледі. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті өнімдерді жинап, әкеле алады.

Бұған дейін Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген болатын.