00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ШҚО тұрғыны терроризмді насихаттады деген айыппен жеті жылға сотталды

ШҚО тұрғыны терроризмді насихаттады деген айыппен жеті жылға сотталды
Фото: Рolisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлады Elordainfo.info Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, осы жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарған.

«Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды. Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді. Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.