Референдум: 71,12% дауыс беруші АЭС салуды қолдады

Фото: Василий Крась
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасы жойылды

15 тамыз, 2025
Елімізде шілде айында 170 мыңға жуық көлік тіркеуден өтті – Ұлттық статистика бюросы

15 тамыз, 2025
Елімізде ақылы автожолдарды кім тегін пайдалана алады

15 тамыз, 2025
СҚО-да қоқыс үйінділері туралы жалған ақпарат берген 13 лауазымды тұлға жауапқа тартылды