«Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан күдіктілер қамауға алынды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлады Elorda info.
Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдары аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан.
«Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды», - делінген агенттік таратқан хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды.