00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полиция қолайсыз ауа райы кезінде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр

Полиция қолайсыз ауа райы кезінде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі өткен тәуліктегі көлік құралдарын сүйемелдеу және жолдардағы шектеулер туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлады Elоrdainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

3 қаңтарда еліміздің cегіз облысында 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында. Тәулік ішінде полиция 3 710 көлік құралын сүйемелдеді, оның ішінде 2 820 жеңіл және 890 жүк көлігі бар. 4 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолының учаскесінде шамамен 4 500 көлік құралын сүйемелдеу ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастырып жатыр. 

«Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар. Полиция әрдайым жаныңызда!»– деді ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға жасаған үндеуінде.