00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған астаналықтарды ұстады

Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған астаналықтарды ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасының бұзылуы бойынша 2 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 2 438 шетелдікке қатысты әкімшілік шара қабылдады. Сот шешімімен олардың 815-і елден шығарылды, ал қос азаматтығы бар 334 адам анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қолданылды.

«10 қазанда департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Астана станциясындағы желілік полициямен бірлесіп, заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған 5 астаналық тұрғынды ұстады», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында олардың «Нұрлы жол» вокзалының халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы шетелдік азаматтарға заңсыз көмек көрсеткені анықталды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.