Петропавлда «Заң және тәртіп керуені» акциясы басталды

Бүгін, 13:45
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Петропавлда «Заң және тәртіп керуені» акциясы басталды
Фото: Polisia.kz

Петропавлда «Заң және тәртіп керуені» акциясы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавлда ауқымды республикалық «Заң және тәртіп керуені» акциясы бастау алды. Бір аптаға созылатын іс-шара барысында прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдап, сұрақтарына жауап беруде. Қаладағы халық көп шоғырланатын орындарда – «City Mall», «Аврора» сауда орталықтары, «Береке» шағын ауданындағы «Северный» дүкені, Оқушылар сарайы, Теміржол вокзалы алаңы – құқық қорғау органдарының мобильді топтары орналасқан. Күндізгі жұмыс уақыты ішінде олар облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына кең көлемде құқықтық кеңес беріп жатыр.

Көші-қон заңнамасы, автокөлікті тіркеу, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу – азаматтар көтеріп жатқан мәселелердің бір бөлігі ғана. Бұл акция «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп жатыр. Негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық тәртіп пен құқық қорғау қызметінің беделін арттыру, азаматтарға заң көмегін көрсету және құқықтық сауаттылықты көтеру.