Қостанай облысында 2 млрд теңгенің ақбөкен мүйізі тәркіленді

фото: Оңалхан Өнерхан
Қостанай облысында ақбөкеннің мүйізін заңсыз сақтау және тасымалдау арқылы аса ірі залал келтірді деп айыпталған азамат 8 жылға сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотталушы заңсыз жолмен алынған ақбөкен мүйіздерін Астанадан Қостанайға апара жатқан жолда ұсталған. Полиция қызметкерлері көліктен жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын 823 ақбөкен мүйізін тапқан.
«Жасалған іс-әрекеттің жеке басын, сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және істің мән-жайын ескере отырып, сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жылға аңшылықпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

3 қыркүйек, 2025
Тағы бір шетелдік әуе компания Қазақстанға ұша бастайды

3 қыркүйек, 2025
Еліміздегі жол сапасын енді жасанды интеллект бақылайды

3 қыркүйек, 2025
Қызылорда облысында мәдениет қызметкерлеріне 1,5 млн теңгеден астам тиісті өтемақы берілмеген

3 қыркүйек, 2025
Қазақстанда Үлескерлерді қолдау орталығы құрылды