Ораза айт-2025: Қазақстан трендтік туристік бағыттар қатарына енді

31 наурыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ораза айт-2025: Қазақстан трендтік туристік бағыттар қатарына енді
Фото: Kazakh Tourism

Қазақстан араб елдерінің туристері үшін Ораза айт-2025 мерекесі кезіндегі танымал бағыттардың қатарына енді, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.

Өткен жылы біздің еліміз осы аймақтағы тез дамып келе жатқан туристік бағыттардың рейтингін басқарған.

Khaleej Times зерттеуі бойынша БАӘ тұрғындарының 60%-ы Ораза айт мерекесін атап өту үшін шетелге саяхаттайды және олардың көбі отбасылық демалыс үшін бюджеттік визасыз бағыттарды таңдайды.

Басылымда трендтік елдердің қатарына Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения кіргені атап өтілген. Олардың барлығы визалық режимнің қолайлығымен ерекшеленеді. Gulf times қысқа қашықтыққа саяхаттаудың танымалдығы арта түскенін көрсетеді.

Әсіресе, экспатрианттар арасында визалық жеңілдіктер ұсынатын елдерге баруға сұраныс көбейген. Бұл ретте Қазақстанға, Грузияға, Әзірбайжанға, Египетке және Иорданияға сапарлар танымал бола түсуде.

Middle East Economic Ораза айт-2025 мерекесі кезінде баруға болатын 15 трендтік бағытты белгіледі. Қазақстанның БАӘ туристері арасында танымалдығы мәдени мұра мен табиғи ландшафттардың алуан түрлілігімен ғана емес, сондай-ақ қолжетімділігімен де түсіндіріледі.

«Қазақстан - Орталық Азиядағы ең ірі ел, заманауи қалаларды, бірегей табиғи ландшафттарды және бай мәдени мұраны біріктіреді. Елорда астанасы Бәйтерек монументі мен Хан Шатырды қоса алғанда, футуристік сәулетімен таң қалдырады. Алматы өзінің жарқын мәдениетімен, Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау курорты сияқты көрікті жерлерімен танымал. Табиғат сүйер қауым «қазақстандық гранд-каньон» аталып кеткен Шарын шатқалын немесе жанға тыныштықты сыйлайтын Көлсай көлдерін зерттей алады. «Алтын-Емел» ұлттық паркінің жұмбақ барқандары және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи тарихи кесенесі елге бірегейлік қосып, оны Ораза айт 2025 мерекесі кезінде баруға болатын ең жақсы орындардың біріне айналдырады»,- деп көрсетілген материалда.