00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Маңғыстау облысында ақауы бар көліктерге қауіпсіздігі туралы куәлік берілген

20 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Маңғыстау облысында ақауы бар көліктерге қауіпсіздігі туралы куәлік берілген
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Маңғыстау облысында бұзылған автомобильдерге көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер берілген. Бұл туралы Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. Тексеріс қорытындысы бойынша «АвтоСертАқтау» ЖШС және «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалының сынақ зертханасы қызметін тоқтатты.

«Жоспардан тыс тексерулер барысында бұл ұйымдар көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді бұзылған автомобильдерге рәсімдегені анықталды, бұл «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарын бұзады. Регламентке сәйкес сынақтар мен тексерулерге олардың мақсатына сәйкес пайдалануға жарамды жиынтық көлік құралдары ғана жатады», - делінген хабарламада.

Анықталған бұзушылықтар негізінде «АвтоСертАқтау» ЖШС-не 719 940 теңге көлемінде, ал «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалының СЗ-на 2 215 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы зертханаларды аккредиттеу аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.