Үкімет өңірлерде жылу көздерін жаңғыртуға 25 млрд теңге бөлді


Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Тозығы жеткен қалған барлық жылу станциялар мен желілерді жөндеуді жалғастыру қажет. Біздің міндетіміз халықты жылытумен және электр энергиясымен сапалы қамтамасыз етіп, қолданыстағы жабдықтардың пайдалану мерзімін қалыпты деңгейге жеткізбеу. Ал ол үшін энергия көздері мен желілердің негізді жабдықтарын жөндеу және ауыстыру жұмыстарын тұрақты әрі жоспарлы түрде қажет. Жөндеу науқанының белсенді кезеңі енді басталып жатыр. Сондықтан жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу керек. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуға тиіс. Талап қатаң болады. Үкімет тарапынан қажет қолдау көрсетіліп жатыр», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр өңірлердегі жылу көздерін жаңғыртуға 25 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Үкімет бұл қаражаттың тиімді жұмсалуын және одан алынған нәтижені бақылайды.
«Осы айда мен Астана, Көкшетау, Риддер, Қызылорда қалаларында жылу көздерін жаңғырту үшін резервтен 25 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойдым. Үкімет осы қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылайтын болады. Қазірдің кейбір өңірлерде жұмыстардың уақытын кешіктіру қаупі байқалып отыр. Мәселен, Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Маңғыстау облысында МАЯК-тың Маңғыстау облысында МАЯК-тың екінші жылу орталығында турбинаны жөнждеу тиісті жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясына берілген. Мұндай басқа өңірлерде де кездеседі. Бұл тиісті бақылаудың жоқтығынан», - деді Олжас Бектенов.



