Конституциялық Сот жер иелерінің сот арқылы қорғалу тәртібін нақтылады

Бүгін, 11:38
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Конституциялық Сот жер иелерінің сот арқылы қорғалу тәртібін нақтылады
Фото: Конституциялық Сот

Конституциялық Сотқа Жер кодексінің 88-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтініші келіп түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтініш берушінің айтуынша, даулы норма жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлеп  алып қою туралы әкімдіктің қаулысын сот тәртібімен даулауға меншік иесінің мүмкіндігін шектейді. Бұл оның пікірінше, сот арқылы қорғалу құқығын бұзады.

Конституциялық Сот өз шешімінде бұған дейін 2023 жылғы 16 мамырдағы №13-НҚ https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/469536?lang=ru және 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №56-НҚ https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769436?lang=ruнормативтік қаулыларында: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар» деген конституциялық қағидат кез келген адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін сотқа жүгіну құқылы екенін білдіреді. Бұл құқықты іске асыру заңда көзделген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады», - деп көрсетілген.  

Осылайша, әкімдіктің қаулысы әкімшілік акт болып табылады, оған әкімшілік немесе сот тәртібімен шағымдануға болады, өз кезегінде жерді алу негіздерін бағалау жалпы юрисдикция соттарының құзыретіне жатады, жалпы алғанда Конституциялық Сот конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау үшін негіздерді қарастырған жоқ.

Бұған дейін Конституциялық сот еліміздегі азаматтардың жынысына қатысты кемсітушілік фактісін тексеріп жатқанын жаздық.