Өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді: Астана тұрғындары үшін шұғыл хабарлама жарияланды

Бүгін, 10:50
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді: Астана тұрғындары үшін шұғыл хабарлама жарияланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті  Астана  қаласының  тұрғындары  мен  қонақтары!  2025  жылғы  18  желтоқсанда  сағат  11:00-де  Мәңгілік  ел  даңғылы,  54  мекенжайында  орналасқан  Orynbor Towers-3 тұрғын үй  кешенінде  өрт-тактикалық  оқу-жаттығу  өткізілетін  болады.  Аталған  оқу-жаттығуға  Астана қаласы Төтенше жағдайлар  департаментінің 6 бірлік техникасы мен 25 қызметкері жұмылдырылады. Осыған байланысты  Астана қаласы ТЖ департаменті  қала  тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұрайды», - деп жазылған ТЖД баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін жылыту маусымы басталғалы бері Астанада 55 өрт болғанын жаздық.