«Каспий» футбол клубынан 27 млн теңге жымқырылған

Фото: Оңалхан Өнерхан
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.
Сонымен қатар одан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.
3.12.2024 ж. футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

12 қыркүйек, 2025
Гір көтеру спортынан үш дүркін әлем чемпионы әскерде борышын өтеп жүр

12 қыркүйек, 2025
Қазақстан бейбітсүйгіштік рейтингі бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында

11 қыркүйек, 2025
Абай облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 15 адам жауапқа тартылды

11 қыркүйек, 2025
Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды