ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды
Фото: видеодан скрин
ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды.
Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.
Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Ұқсас жаңалықтар
27 қазан, 2025
Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды
27 қазан, 2025
Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылды
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
