00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Астық қоймалары» компаниясының экс-директоры сотталды

3 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Елордада «Астық қоймалары» компаниясының экс-директоры сотталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Elordainfo.kz Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және оның 118 млн теңгеден астам сомаға 996 тонна мөлшерінде бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.