Еліміздің батысында заманауи көлік айрығы салынып жатыр

Бүгін, 08:53
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views64
Еліміздің батысында заманауи көлік айрығы салынып жатыр
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-36 шақырым аралығында ауқымды қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жобаның маңызды элементтерінің бірі - «беде жапырағы» әдісімен салынатын екі деңгейлі көлік айрығының құрылысы. Бұл инфрақұрылымдық нысан KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында (Сырым бақылау-өткізу пункті маңында) орналасқан және жаңа KZ07-04 «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының (Ақсай бағытындағы бақылау-өткізу пунктіне дейін) I кезеңінің бастау нүктесі болмақ.

«Бұл жоба жол қауіпсіздігін арттырып, оның өткізу қабілетін жақсартады. Көршілес өңірлермен көлік байланысын жеңілдетіп, Батыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуына септігін тигізбек», - делінген хабарламада.