Елімізде қаңтарда ауа райы қандай болады
Синоптиктер қаңтар айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Қазгидромет» РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстан бойынша қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа райын атлантикалық циклондар қалыптастырады. Нәтижесінде ауа райы тұрақсыз болады.
Елдің солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасын, кейде қатты қар болжанады, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал
Қаңтардың бірінші онкүндігінде:
-Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде -5...+2°С-тан -3...-12°С-қа дейін, күндіз -3...+5°С-тан 0...-8°С-қа дейін ауытқиды;
-республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 0...-7°С-тан -10...-20°С-қа дейін, күндіз -5...+2°С-тан -8...-13°С-қа дейін біртіндеп төмендейді;
-елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -5...-13°С-тан 0...-8°С-қа дейін, күндіз -2...-8°С-тан -3...+2°С-қа дейін аздап жоғарылайды, содан кейін түнде -10...-20°С-қа дейін, күндіз -5...-12°С дейін біртіндеп төмендейді;
-елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -8...+2°С, күндіз -3...+7°С шамасында, содан кейін түнде -8...-15°С, күндіз -3...-10°С дейін төмендейді.
Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтерілген кезде бірнеше қарқынды жылу толқындары болжанады:
-еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -5...+2°С дейін, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2...+12°С дейін төмендейді.
Ал солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері де ауа температурасы төмендейді:
-солтүстік жартысында және ҚР орталығында ауа температурасы түнде -25...-35°С дейін, күндіз -15...-25°С дейін, республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12...-22°С дейін, күндіз -3...-15°С дейін.
-республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12...-22°С дейін, күндіз -3...-15°С дейін суытады.
Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады.
Ескерту: бір айға арналған болжамды кеңес ретінде ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке және 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.