eGov.kz порталында жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою қызметі қосылды
Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою қызметін ала алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.
Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.
Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.
Қызметті алу үшін:
• eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
• «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау;
• қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.
Қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.