00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1 300-ге жуық БАҚ өкілі қатысты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1 300-ге жуық БАҚ өкілі қатысты
фото: Туризм және спорт министрлігі

Жарыс өткізілетін барлық нысанда, оның ішінде: «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында баспасөз өкілдерінің тыңғылықты жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды. «Қазмедиа» орталығында барлық БАҚ өкілдеріне арналған халықаралық баспасөз орталығы жұмыс істеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми сайтына сілтеме жасап.

Этноауылда журналистер үшін арнайы киіз үй тігілді. Аккредитация беру мерзімі 20 тамызда аяқталғанына қарамастан, журналистерді тіркеу көшпенділер ойындарының соңына дейін жалғасты.

Алдын ала өткізілген пресс-тур барысында БАҚ өкілдері үшін арнайы жасалған жұмыс орындары мен жұмыс істеу ережелері таныстырылды.

Қыркүйектің 9-11 күндері аралығында БАҚ жұмысы еш кедергісіз жүргізілді, алайда 12 қыркүйекте көкпар ойынының ақтық сынында, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ойын алаңына БАҚ өкілдерінің кіруіне шектеу қойылды.13 қыркүйекте барлық процедуралық мәселелер шешілгеннен кейін ақпарат құралдарының өкілдеріне жарысты жақыннан түсіруге рұқсат берілді.