«Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» теміржол бағыттары күзде ашылады

Бүгін, 12:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» теміржол бағыттары күзде ашылады
Фото: ҚТЖ

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, теміржол инфрақұрылымын ауқымды дамыту жалғасуда: жаңа желілер салынуда, қолданыстағы жолдар жаңғыртылып, жылжымалы құрам жаңартылуда және вокзалдарға реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысы еліміздің теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Жаңа теміржол желілерін салу, вагондар мен локомотивтер паркін жаңарту, қолданыстағы жолдарды жаңғырту және вокзалдарды реконструкциялау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша биыл бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаны аяқтау жоспарлануда. Олардың ішінде “Дарбаза – Мақтаарал”, “Мойынты – Қызылжар” желілері де бар», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Биылғы қараша айында «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілері бойынша қозғалысты іске қосу тапсырылды.

«Жаңа жолдардың ашылуы транзиттік тасымал көлемін биыл 55 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – Көлік министрлігі мен “Қазақстан темір жолы” компаниясының алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі», - деді Премьер-министр.

Еске салсақ, Олжас Бектенов ҚТЖ-дағы транзиттік тасымал жоспарының орындалуын сынға алды.