Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулер енгізілді
Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына қатысты қатаң шектеулер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлады , деп хабарлады Elordainfo.kz
Кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарға байланысты ведомство мынадай мәліметтерді ұсынады.
Ереже бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар Букмекерлік кеңселерді немесе тотализаторларды жарнамалау туралы заңнама талаптарын сақтамау әкімшілік айыппұлдарға әкеп соғады:
Бірінші рет ереже бұзғаны үшін: Жеке тұлғалар – 60 АЕК, лауазымды тұлғалар – 80 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 120 АЕК, орта бизнес субъектілері – 170 АЕК, ірі бизнес – 400 АЕК. ⠀
Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда: Жеке тұлғалар – 170 АЕК, лауазымды тұлғалар – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік және КЕҰ субъектілері – 250 АЕК, орта бизнес субъектілері – 350 АЕК және ірі бизнес – 650 АЕК. ⠀
Заңнама нормаларын бұзғаны үшін жарнама беруші, жарнаманы шығарушы және жарнаманы таратушы жауапты болады. ⠀
Министрлік азаматтарға жарнама заңнамасын бұзу фактісін байқаса, Комитеттің онлайн қабылдауына шағым жолдай алатынын ескертеді. Ведомство қажетті шаралар қабылдайды.