Биыл Бурабай курортына 187 мыңнан астам жолаушы жеткізілді

Фото: freepik
Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ электропойыздарымен Бурабай курортына 187 мыңнан астам жолаушы жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға артық, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жазғы маусымда Бурабай курортына жеткізілген жолаушылар саны 150 мыңнан асты. Одан бөлек балаларға арналған лагерлеріне 1 900 бала жеткізілді.
Күн сайын Бурабай бағыты бойынша №6829/6830 «Астана-Көкшетау» электропойызы қатынайды. Сонымен қатар Нұрлы жол вокзалынан №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электропойызы жөнелтіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:44
Президенттік жастар кадрлық резервінің келесі кезеңіне өткен үміткерлер белгілі болды

19 тамыз, 2025
Жол құрылысы тек цифрлық теңге арқылы қаржыландырылады – министр

19 тамыз, 2025
Биыл жыл соңына дейін 51 вагон қолданылуға беріледі – министр

19 тамыз, 2025
Қазақстанда ашық жүк вагондарын шығару 5 есеге артты