00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстанда қар көшкініне қарсы мобильді жүйе сынақтан өтті

Қазақстанда қар көшкініне қарсы мобильді жүйе сынақтан өтті
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Алматы филиалына барып, DaisyBell мобильді қар көшкініне қарсы жүйесімен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл тікұшаққа трос арқылы бекітілген металл конус. Конустағы азот-сутегі қоспасы жарылып, қарды беткейден тиімді түсіруге мүмкіндік береді.

Қондырғы Еуропа елдерінде сәтті қолданылып келеді.

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен аэровизуалды барлау шеңберінде жүйе Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің көшкін қаупі бар учаскелерінде қар көшкіндерінің профилактикалық түсуімен сынақтан өтті. Министр көшкін қаупі кезеңінде профилактикалық жұмыстарда жаңа технологияларды қолдану қажеттігін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетейік, елімізде көшкін қаупі бар 619 учаске бар, оның 165-і Алматы қаласында орналасқан. Соңғы жылдары қысқы демалыс түрлері кең таралғандықтан адамдардың өміріне қауіп айтарлықтай өсті.