Шетелдегі қазақстандықтар 59 елде дауыс бере алады

4 қазан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
views514
Шетелдегі қазақстандықтар 59 елде дауыс бере алады
Фото: freepik.com

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 59 шет мемлекетте 74 референдум учаскесі құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

ҚР-ның шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2024 жылғы 6 қазан, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.