Қазақстанға туристер қай елдерден көп келді

Қазақстанға туристер қай елдерден көп келді
Фотоколлаж: Elordainfo.kz

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 11,5 миллион шетелдік азамат келген, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Мұндай ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ұсынып отыр.

Назарларыңызға 2024 жылдың тоғыз айында елімізге келген туристер саны бойынша ТОП-10 елді ұсынамыз.

Қонақ үй мен басқа да орналастыру орындарына Ресей Федерациясынан келген туристер көбірек тоқтаған. Яғни, 2024 жылдың тоғыз айында елімізге Ресейден 307 756 адам келген.

Кейінгі сатыға Қытай (127 059 адам) азаматтары жайғасса, үздік үштікті Үндістан (91 148 адам) туристері түйіндеді.

Сонымен қатар алғашқы ондықтың қатарында Түркия (47 590), АҚШ (35 628), Өзбекстан (29 082), Германия (24 672), Оңтүстік Корея (20 950), БАӘ (17 557) және Италия (13 411) мемлекеттері бар.