«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы тағы бір айға созылады

Бүгін, 11:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы тағы бір айға созылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

ІІМ белсенділер мен жұртшылықтың қатысуымен «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты – жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Іс-шараларды өткізуге 9,5 мыңға жуық полицей мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде көліктік бақылау инспекциясы мен «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның 400-ге жуық қызметкері қатысты.

Аталған шара кезінде полиция 246 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу дерегін анықтады.

«Қорғау» жүйесі арқылы жалған нөмірлер немесе нөмірлері мүлдем жоқ көліктерді басқаратын жүргізушілерді анықтауға баса назар аударылды. 13 мыңға жуық автокөлік автотұрақтарға қойылды, оның ішінде 2,5 мың мопед және шетелдік есепте тұрған 700-ге жуық көлік бар.

Бұл жұмыстар жолдағы қауіптерді жоюға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

«Жолдардағы жағдай нақты шараларды қабылдауды қажет етеді. Сондықтан жол-көлік оқиғаларының, әсіресе адам шығынымен болатын апаттардың алдын алу үшін ІІМ «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасының мерзімін тағы бір айға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушыларды сақ болуға шақырады. Жол жүрісі қағидаларын сақтаңыздар!» - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.