Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды

10 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Ауа райына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
фото: Оңалхан Өнерхан

2025 жылдың 10 наурызы күні таңертең ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның сегіз облысындағы 15 республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол»ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы:

«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 75-187 шақырым аралығы (Үржар ауылынан ҚХР шекарасына дейін).

Алматы облысы:

«Алматау турбазасына кіреберіс» автожолының 0-15 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Тұздыбастау ауылы – Бесқайнар ауылы)

Шығыс Қазақстан облысы:

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары» автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушаново а.-Алтай қ.)

Жетісу облысы:

«Сарыөзек – Көктал» автожолының 40-68 шақырым аралығы (Алтын Емел асуы).

Қостанай облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

«Қостанай – Әулиекөл -Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы-Ақмола облысының шекарасы);

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейін)

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 595-671 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы – Тоқсан Би ауылы);

«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы)

Ұлытау облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 310 арнайы техника мен 421 маман жұмылдырылды.

Ақмола облысы:

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлемақы алу пункті-Ақмола облысының шекарасына);

«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 1128-1232 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Астраханка ауылы – Қажымұқан ауылы);

«Астана-Петропавловск» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Астана қаласы – Щучинск қаласы);

Қарағанды облысы:

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы-Теміртау төлемақы алу пункті);

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 20:00-де ашу жоспарланған.