Астанада «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты әдеби-сазды кеш өтті


Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен әдеби мұрасын дәріптеу, шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, қызметкерлердің қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен әдеби-сазды сайысқа департаменттің 15 қызметкері қатысты.
Әр қызметкер ақынның бір шығармасын ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы әр қатысушының киім үлгісіне, ұсынған материалына, мәнерлеп оқуына, сахнада өзін ұстауына назар аударып, әділ баға берді.
Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды №14 ӨСБ кіші инспекторы Мөлдір Сұлтанбек, ІІ орынды МӨББ аға инженері Ербағлан Полатов, ІІІ орынды №17 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Ернар Жандос иеленді.
Бұдан басқа, сайыс қатысушыларына «Көрермен көзайымы», «Өлең – сөздің патшасы», «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», «Жеңіске деген жігері үшін» және тағы да басқа номинациялар мен сыйлықтар табысталды.