Қаржылық мазасыздық: Кредиттік тәртіп қазақстандықтардың психологиялық жағдайына қалай ықпал етеді
АКРА-ның есебінде 2024 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстан үшін қаржылық стресс индексі жергілікті минимумға жетіп, шамалы төмендеді көрсетілген. Жарты жыл бойына индекс салыстырмалы тұрақтылықты көрсетуде. Қаржылық стресс жалпы қолайлы болып қала береді және триггерлік оқиғалардың ықтималдығын бағалау қалыпты болып қалады. «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) жүргізген сауалнама қазақстандықтардың негізгі қаржылық қорқыныштарын және азаматтардың қаржыны басқару құралы ретіндегі кредитке деген қатынасын анықтады.
Зерттеуге «Робокэш.кз» МҚҰ-ның қазіргі клиенттері қатысты (Займер бренді), сауалнама нәтижелері бойынша аналитиктер қазіргі экономикалық жағдайдың адамдардың психологиялық жағдайына қалай ықпал ететінін бағалады.
«Экономикаға арналған негізгі тәуекелдер ұзақ уақыт бойы валюталық тәуекел триггерлерімен байланысты болды, алайда аталмыш нарықтағы құбылмалылықтың әлсіреуі бұл триггерлік оқиғаның ықтималдығын төмендетті. Агенттік бұған дейін болжам жасағандай, базалық триггерлердің тәуекелдерін бағалау теңге бағамының динамикасына және мөлшерлемелер бойынша спредтің тарылуына байланысты төмендеуін жалғастыру үстінде», - делінген АКРА-ның есебінде.
Атап айтатын болсақ, зерттеу сауалнамаға қатысқандардың 62% үшін кредиттердің қаржылық ауыртпалық немесе үрейленуге арналған себеп емес, қаржылық тәртіпті жақсартуға және отбасылық бюджетті басқаруға көмектесетін ыңғайлы құрал екенін көрсетті. Респонденттер кредиттерді пайдаланудың, өздері үшін шығындарды ұтымды жоспарлауға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ ақшаға қатысты мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға ұмтылуға ынталандыратынын атап өтті.
Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 12% кредиттік міндеттемелерге байланысты үнемі қаржылық мазасыздықты сезінетінін хабарлады. Алайда, осы санаттың 55%-ң мазасыздығы жалпы экономикалық тұрақсыздыққа, жұмысынан айырылу ықтималдығына және азық-түлік пен басқа да қажетті тауарлар бағасының өсуіне байланысты, 45% қарыз міндеттемелерінің болуына байланысты ыңғайсыздықты сезінеді.
Зерттеуге қатысушылар айтқан негізгі қаржылық қорқыныштар:
- Жұмыс немесе негізгі табыс көзін жоғалту (респонденттердің 38%);
- Азық-түлік және қажетті тауарлар бағасының күрт ұлғаюы (респонденттердің 26%)
- Күтпеген медициналық шығындар туралы алаңдаушылық (респонденттердің 15%) болып отыр.
Аталмыш деректер экономикалық тұрақсыздық пен инфляциялық тәуекелдердің азаматтардың психологиялық жағдайына қаржылық жағынан айтарлықтай ықпал ететіндіктерін көрсетеді.
Респонденттер зерттеу шеңберінде қаржылық міндеттемелердің олардың физикалық жағдайына қалай ықпал ететінін де хабарлады. Сонымен, респонденттердің 13% қаржылық белгісіздіктен туындаған стресс ұйқының нашарлауына әкеледі, 22% кредит туралы ойлар кейде өнімділіктің төмендеуіне әкеледі деп санайды, 35% үлкен кредиттік жүктеме өмір сапасының жалпы нашарлауына ұшыратындығына сенімді. 30% жалпы қаржылық жағдайларын тұрақты деп есептейді. Бұл тұрғыда өзіңіздің қаржылық міндеттемелеріңізді тиімді басқара білу және қаржылық тәуекелдерді төмендету жолдарын іздеу аса маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, респонденттердің тек 9% кредит бойынша төлемдермен байланысты үлкен стрессті бастан кешіреді, азаматтардың 65% үшін қарыз жүктемесі қолайлы, ал респонденттердің қалған бөлігі кредиттерді өтеуге – коммуналдық қызметтер немесе азық-түлік шығындары тәрізді әдеттегі шығындар сияқты қарайды.
«Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) мамандарының қорытындыларына сәйкес, кредиттер сауалнамаға қатысқан азаматтардың көпшілігі үшін артық алаңдаушылық пен қорқыныш туындатпайды, сонымен бірге азаматтардың белгілі бір бөлігінде мазасыздық деңгейін төмендету және қаржылық сенімділікті арттыру үшін қаржылық сауаттылық пен психологиялық тұрақтылық дағдыларын дамыту қажеттілігі сақталып отыр.
Жарнамалық материал