Алдағы күндерде үсік жүреді
3 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Оңалхан Оңерхан
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының бір бөлігі антициклонның ықпалында болады, деп хабарлады Elorda.info.
"Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады.Тек солтүстік антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Көптеген өңірлерде тұман күтіледі", – деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде үсік болып, ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.
Ұқсас жаңалықтар