00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақтөбеде қайтыс болған адамдар баспана кезегінде тұрған

27 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ақтөбеде қайтыс болған адамдар баспана кезегінде тұрған
фото: Оңалхан Өнерхан

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй кезегін уақтылы түгендеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне талдау жүргізді. Соның нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам баспанаға мұқтаждар ретінде кезекте тұр, оның ішінде көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар.

«Басқа елді мекенге көшіп кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар, бұл тізімде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған», - деді Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заң бұзушылықтар жойылды.