3,8 млрд теңге залал: Онлайн-казино ұйымдастырған 4 адамға халықаралық іздеуді жарияланды


Қаржылық мониторинг агенттігі құмар ойын ұйымдастыру және өзде де қылмыстар жасады деген күдікке ілінген 4 адамға халықаралық іздеуді жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, күдіктілердің екеуі шетел азаматы.
Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.
«Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды»,- делінген ҚМА хабарламасында.



