Фермерлер жеңілдетілген лизингпен 369 техника сатып алды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы іске асқан бір ай ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға 43,6 млрд теңге сомасына 1089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім түскен. Оның ішінде 16,6 млрд теңгеге 369 техника қаржыландырылды.
Жеңілдікпен кредит беру шарттары:
Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6 %-бен ;
Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) - 0%;
Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең - 1 жыл, - деп жазды ведомстводан.
Бір лизинг алушыға қаржыландыру сомасы - 205 млн теңгеден және үш ауыл шаруашылығы техникасынан аспайды. Қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір-ақ рет беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:42
ТЖМ Алматы маңындағы жер сілкінісі туралы жаңа мәліметті жариялады
25 қараша, 2024
Ақтөбе облысында балабақша есепшілері 54 млн теңге қаржы жымқырған
25 қараша, 2024
Қазақстандық оқушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды
25 қараша, 2024
Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды