00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елде азық-түлік тапшылығының туындауына еш негіз жоқ – АШМ

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елде азық-түлік тапшылығының туындауына еш негіз жоқ – АШМ
ашық дереккөз

Министрлік апта сайын ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мониторингін жүргізеді. Әкімдіктердің жедел деректеріне сәйкес, 12 наурыздағы жағдай бойынша республикада барлығы 1,3 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар, оның ішінде ұн – 144 мың тонна, қант – 90 мың тонна, күріш – 39,3 мың тонна, макарон – 21 мың тонна және шамамен 900 мың тонна көкөніс өнімдері және басқалары бар. Азық-түлік қоры жаңартылады және қажеттілігіне қарай күн сайын толықтырылады, – деді Ж. Өсербай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар вице-министр елімізде жарма, ұн және басқа да тауарлар өндіру үшін шикізат, ет және сүт өнімдерін өндіру үшін мал басы жеткілікті екенін атап өтті.

Азық-түлік тауарларының барлық дерлік түрі бойынша халық қажеттілігі өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі, ал кейбірінде өндіріс қажеттіліктен айтарлықтай асады. Мысалы, жыл сайын орта есеппен 3 млн тоннадан астам ұн өндіріледі, ал тұтыну көлемі – 1,6 млн тонна, күріш өндірісі де 200 мың тоннаны құрайды, ал қажеттілік – 95 мың тонна. Осылайша, өндірістің қазіргі қарқыны сақталса және тұтынудың дәстүрлі көлемдерін ескере отырып, елде азық-түлік тапшылығының туындауы үшін негіз жоқ екенін хабарлаймыз, – деді Жеңіс Өсербай.