00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық полиция инспекторлары жеке үйлер мен саяжайларды тексерді

27 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астаналық полиция инспекторлары жеке үйлер мен саяжайларды тексерді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараны жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік учаскелерінде пәтерлер мен аулаларды аралап, визит карталарын таратуда және тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендер мен барлық меншіктердегі мекемелерде, ойын-сауық орындарында ақпараттық парақтар ілді.

Жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы учаскелік инспекторлар 340 мыңнан астам пәтер мен 30 мыңға жуық жеке тұрғын үйді, 8 мыңнан астам саяжайды тексерді, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Шара барысында жалға берілетін 3 мыңға жуық пәтер анықталып, олар туралы ақпарат Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Жедел-профилактикалық шара аясында елордада ҚР ӘҚбК-нің 437 бабына сәйкес 3 400-ден астам тұлға түнгі уақытта тыныштық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.