00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

NIS құрамасы еліміздің ең үздік олимпиадалық командасы атанды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
NIS құрамасы еліміздің ең үздік олимпиадалық командасы атанды
ашық дереккөз

Олимпиаданың қорытынды кезеңі Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің базасында ұйымдастылып, республика бойынша 180-нен астам дарынды оқушы үздік атақ үшін бақ сынады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасы еліміздің үздік олимпиадалық командасы атағын иеленді.

Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша NIS оқушылары 4 алтын, 3 күміс және 7 қола медальмен марапатталды.

Мектеп рейтингінде Ақтөбе қаласының NIS командасы екінші орынды иеленсе, елордадағы физика-математика бағытындағы мектептің оқушылары қола жүлдені жеңіп алды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үздік отандық жоғары оқу орындарының білім гранттары мен жеңілдіктеріне ие болды.

Президенттік олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы тарапынан 2008 жылдан бері өткізіліп келеді, байқауға 11-12 сынып оқушылары төрт пән бойынша – математика, физика, химия және биологиядан қатысады.