00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ең ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ісі сотқа жолданды – ҚР ІІМ

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ең ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ісі сотқа жолданды – ҚР ІІМ
ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, жедел тергеу тобы еліміздегі ең ірі қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Тергеуде 2016 жылдың наурызынан 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында «Questra World» қаржы пирамидасын құрып, қазақстандықтар да тартылған трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында басқарғаны анықталды. Пирамида басшылары салынған соманың 336% дейін табыс табуға кепілдік беріп, салымшыларға виртуалды валютаны пайдалану арқылы 90-нан 500 мың еуроға дейінгі ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынған», – деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкілдің айтуынша, тартылған қаражат кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған. Кейбір қатысушыларды жаңа салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, өз араларында бөліске салған. Алаяқтардың белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде қаржы пирамидасына қазақстандықтар тартылып, 1 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

Қылмыстық іс бойынша 4 адам, оның ішінде бұрын Беларусьтан экстрадицияланған Ресей Федерациясының азаматы жауапқа тартылды.