00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде қаржы пирамидасын жарнамалайтын 52 сілтеме бұғатталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қаржы пирамидасын жарнамалайтын 52 сілтеме бұғатталды
ашық дереккөз

«Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігіне ықтимал қаржы пирамидалары туралы 66 ақпарат келіп түсті. Олардың 9-ы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп жазды Ғизат Нұрдәулетов депутаттық сауалға берген жауабында.

Ол сондай-ақ ведомствоның осы бағытта жүргізіп жатқан алдын алу жұмысына тоқталған.

«Интернет желісіндегі заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін Бас прокуратураның бастамасымен 2017 жылы «Kazdream Technology» ЖШС «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесін әзірледі», - делінген жауапта.

Бас прокуратураның хабарлауынша, жүйеге прокуратура мен аумақтық ведомстволардың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен аумақтық департаменттердің, ішкі істер министрлігі мен әкімдіктердің 185 қызметкері енгізілген.

«Ақпараттық жүйе функционалы құқыққа қарсы контентті қадағалау мен бұғаттайды. Сондай-ақ, қайталап жарияланған мәліметтердің қаралымын зерделеп, статистика жүргізеді. Бүгінгі таңда жүйе қаржы пирамидасының қызметін заңсыз жарнамалайтын 52 сілтемені бұғаттады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 9 интернет-ресурсқа 39 жарияланымды алып тастауды талап ететін алты ұйғарым жіберді» - деп түйіндеді Ғизат Нұрдәулетов.