Жаңаөзенде ит атып жүргендер көптің ашуына тиді
2 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде ит атып жүргендердің видеосы тарап жатыр. Кадрдан ер адамның атылған 18 иттің өлексесін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады, деп хабарлады Elorda.info Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Біз мұнда иттердің барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ, олар келіп өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, қоқысқа апарып тастайды. Мұнда не болып жатыр өзі?! - деп еңіреп жылап жүр жануарларды қорғаушы әйел.
Оны көрген кейбір желі қолданушылар да наразылық танытып, шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрап отыр.
Еске сала кетсек, елімізде бұралқы иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады