Жаңаөзенде баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді, деп хабарлады Elorda.info.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді.
Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзенде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 05.00 шамасында Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда жарылыс болды. Екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. 11 адам зардап шекті.