Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға арналған гранттар байқауы басталды


Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай грант операторының қолдауымен шағын гранттар байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Байқау жеңімпаздары жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржылық және ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік қолдау алады. Жобаларды 3 айға дейін мерзімде жүзеге асыру қажет.
Шағын гранттар келесі басым бағыттар бойынша ұсынылады:
- волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік бағыт, жануарларды қорғау) – 60 грант;
- инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
- ауылдық бастамаларды қолдау – 18 грант.
Өтінімдер 2025 жылғы 16 шілдеден 4 тамызға дейін қабылданады.
Грантқа тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ); волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар; волонтерлік жобалар бойынша 18 жастан асқан жеке тұлғалар қатыса алады.
Толық ақпаратты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтынан көруге болады: cisc.kz («Гранттар» бөлімі → «Шағын гранттар»), мұнда байқаулар мен ұйымдастырушылар туралы барлық ақпарат орналастырылған.
Байқауды гранттық жобаларды жүзеге асырып жатқан үкіметтік емес ұйымдар ұйымдастыруда.



